Жаналыктар

Ақпараттық кеңістікте "7-20-25" бағдарламасы 28 487 рет аталған

04.10.2018

2018 жылдың мамыр мен тамыз айларының аралығында ақпараттық кеңістікте 7-20-25 бағдарламасы 28 487 рет аталған. Бұл туралы, ranking.kz дайындаған медиа-сараптама негізінде Баспана Ипотекалық ұйымының Сыртқы коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Қазақстандықтар 7-20-25 туралы көбіне әлеуметтік желілерде жазған. Әлеуметтік желілердің үлесі 83,3% құраса, БАҚ үлесі 12,9%, мессенджерлер – 2,75%, блог пен форумдар шамамен 1%-ды құраған.

Соңғы айдың көрсеткіші бойынша 7-20-25 «Нұрлы жер» бағдарламасынан 8 рет көбірек аталған.

Сонымен қатар, ranking.kz сарапшылары қазақстандықтарды 7-20-25 бағдарламасы аясында көбірек толғандыратын тақырыптарды анықтады. Оған алғашқы жарнаны жинау, үй табу, төлемқабілеттілігін растау бойынша қиындықтар кіреді. Сонымен бірге, отандастарымыздың біразы қолданыста болған ескі үйлерді бағдарламаға енгізу бойынша ұсыныстарын білдірген.

Бұл жағдайда, «Баспана» Ипотекалық ұйымының әкімдіктер мен «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп қолға алған шаралары көпшіліктің ойынан дөп шыққанын айта кету керек.

Мысалы, алғашқы жарнаны 10 пайызға арзандату мақсатында "Жас арман" мен "Қамқор баспана" өнімдері әзірленіп, олар Шымкент пен Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Аймақтардағы құрылыс қарқынын жандандыруға 150 млрд тенге бөлініп, қолданыста болған үйлерге ипотекалық несие беру мақсатында жылдық ставкасы 10,75 пайызды құрайтын «Баспана Хит» өнімі әзірленді.

«Біз қазақстандықтардың көңіл-күйін жіті бақылап, қандай да бір өтініштер мен арыздар бойынша дер кезінде шара қолданып келеміз. Соның нәтижесінде, азаматтар 7-20-25 бағдарламасының орындалу барысына оң баға беруде», - деді, «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Медиа-сараптама бойынша 7-20-25 бағдарламасына қатысты сыни ақпараттар үлесі 7 пайыздан аспаған. Ал ортақ есеппен бір айда бағдарлама туралы ақпаратпен 2,5 миллион азамат қамтылған.