Жаналыктар

Алматы облысы 7-20-25 бойынша бастапқы жарнаны азайту мақсатында 2 млрд теңге бөлді

10.10.2018

Мемлекет Басшысы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына «7-20-25» тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті Меморандумға қол қойды.
Осылайша, аймақ тұрғындары мамандар 2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек алмақ!
Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде «7-20-25» бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады. 
Естеріңізде болса, бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 млрд теңге бөлген болатын.