Жаналыктар

Талдықорғанда тұңғыш рет жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді

14.05.2019

Жәрмеңке «Атамекен» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылады. 

Алматы облысының құрылысшылары 16 тұрғын үй кешенінің пәтерлерін ұсынуға дайын. 

Жәрмеңкеге 15 құрылыс компаниясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Баспана» ипотекалық ұйымының және «7-20-25» бағдарламасымен несие беретін 8 банк филиалдарының өкілдері қатыспақ.

«Алматы облысы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтіп отырған бесінші өңір. Мұндай тұрғын үй сатушылары мен сатып алушыларын, сондай-ақ оларға несие беретін банктерді бір алаңға жинау форматы өзінің тиімділігін дәлелдеді. 2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу келісімшарттарының саны өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті. Сонымен бірге «7-20-25» бағдарламасын іске асыру тұрғын үй құрылысына да оң серпін әкелгенін байқадық», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымы басшысының орынбасары Дархан Байқуатов.   

Айта кетейік, «7-20-25» жәрмеңкелері бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар мен Қарағанды қалаларында өткен болатын. 

Түпнұсқаға сілтеме: https://baq.kz/news/othernews/zhylzhymaytyn-mulik/