Жаналыктар

«Баспана» ипотекалық ұйымы тұңғыш рет 20 897 222 222,22 теңге сомасына облигацияларды өтеді
16.10.2019
Алматы, 2019 жылғы 16 қазан. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ («ВВВ»/болжамы «Тұрақты», Fitch) өзінің бірінші облигациялар шығарылымы бойынша 20 897 222 222,22 теңге жалпы сомасына, оның ішінде негізгі борыш бойынша - 20 000 000 000,00 теңге және купондық сыйақы бойынша - 897 222 222,22 теңге сомасына уақтылы және толық көлемде өтеуді жүзеге асырғанын хабарлайды. Бастапқы облигациялар орналастыру жылдық 9,59% орташа өлшемді мөлшерлеме бойынша 2018 жылғы қазанда өтті. Кестеге сәйкес келесі өтеу 32,550 млрд теңге сомасына 2019 жылдың соңында өтеді.
«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары ипотека нарығын екі есеге өсірген
09.10.2019
«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалардың іске қосылуы нарықты жандандыруға және оны екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді – деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы.
Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша 162 млрд теңге берілді
08.10.2019
Алматы. 2019 жылғы 8 қазан. Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ операторы болып табылатын «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша 162 млрд теңге жалпы сомасына 17 916 қарыз берілді.