7-20-25 бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алуды қалайтындар «Баспана» ипотекалық ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Банк-серіктестерге жүгінеді:

  • Банк ЦентрКредит
  • Еуразиялық банк
  • АТФБанк
  • Цеснабанк
  • Банк RBK 
  • Қазақстан Халық банкі

Жеке тұлға  «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.
  • Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
  • ипотекалық кредиттерінің болмауы