Жаңалықтар

«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ екінші шығарылымның облигацияларын уақтылы өтеді

10.12.2019

Алматы, 10 желтоқсан. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ («BBB»/болжамы  «Тұрақты», Fitch, бұдан әрі«Баспана») облигацияларды өтеуді 32 550 000 000 теңге жалпы сомасына мерзімге сай және толық көлемде жүзеге асырғанын хабарлады. Оның ішінде купондық сыйақының мөлшері 2 550 000 000 теңге құрайды.

 

Ағымдағы жылғы қазан айында «Баспананың» өз облигацияларының бірінші шығарылымы бойынша 897 222 222,22 теңге сомасына сыйақы төлей отырып, 20 897 222 222,22 теңгені уақтылы өтегенін атап өткен жөн. Облигацияларды бастапқы орналастыру 2018 жылғы қазан айында 9,59% жылдық орташа мөлшерлеме бойынша жүргізілді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымы «Баспана» қор нарығы арқылы облигацияларды шығару және екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық портфельдерді сатып алу есебінен қаражатты тартумен шұғылданады. Желтоқсанның басындағы жағдай бойынша орналастырылған облигациялардың жалпы сомасы 231 млрд. теңгені құрады.