«7-20-25» бағдарламасы бойынша әскери ипотека: бағдарламаның шарттары, талаптары, қалай алуға болады
«Банк ЦентрКредит», «Сбербанк Казахстан», «Halyk банк» және «АТФ банк» «7-20-25» пен «БаспанаХит» бағдарламалары негізінде әскери ипотеканы іске қосты.
Оны кім ала алады
Әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік органдардың қызметшілері: Ұлттық Қауіпсіздік органдары, Сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметтері.
Қарыз алушы- әскери қызметшіге қойылатын талаптар
- уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан әскери қызметшінің тұрғын үйге мұқтаж деп танылуы;
-банкте тұрғын үй төлемдерін ескепке алуға арналған арнайы ағымдағы шотты ашу;
- банктер ипотекалық бағдарламалар шеңберінде талап ететін басқа да құжаттар.
«7-20-25» бағдарламаға қатысу шарттары
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының талаптары өзгеріссіз қалады. Бұлар: 7% құрайтын пайыздық мөлшерлеме, бастапқы жарнасы тұрғын үйдің құнынан 20% құрайды және 25 жыл - қарыздың ең ұзақ мерзімі, оны Сіз өзіңіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты дербес белгілей аласыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алушыда меншік құқығында үйі, басқа да өтелмеген ипотекалық тұрғын үй қарыздары болмауға тиіс., ол Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс, сондай-ақ тұрақты табысы расталуға тиіс.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптар
«7-20-25» бағдарламасы бойынша Сіз пайдалануға енгізілген жаңа құрылыстан бастапқы тұрғын үйді ала аласыз. Тұрғын үйдің ең жоғары құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында 25 млн.теңгеден аспауға, Қазақстанның басқа қалаларында 15 млн. теңгеден аспауға тиіс.
«Баспана Хит» бағдарламасына қатысу шарттары
«Баспана Хит» бағдарламасының талаптары өзгеріссіз қалады. Бұлар: 11 % құрайтын пайыздық мөлшелеме, бастапқы жарнасы тұрғын үйдің құнынан 20% құрайды және 15 жыл - қарыздың ең ұзақ мерзімі, оны Сіз өзіңіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты дербес азайта аласыз. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша қарыз алушының Қазақстан Республикасының азаматтығы мен расталған табысы болуға тиіс
«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптар
«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша Сіз бастапқы, сондай-ақ қайталама нарықтан да салынған жылы 50 жылдан аспаған тұрғын үйді сатып ала аласыз. Тұрғын үйдің құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында 25 млн теңгеден аспауға және басқа қалаларда 15 млн теңгеден аспауға тиіс.
Бағдарлама бойынша ипотеканы қалай алуға болады
«7-20-25» бағдарламасы бойынша әскери ипотекасын алу үшін Сіз: өзіңіздің болашақ пәтеріңізді таңдап, мынадай банктердің біреуіне: «Банк ЦентрКредит», «Сбербанк Казахстан», «Halyk банк», «АТФ банк» жүгінесіз, банк сұратқан құжаттарды жинақтап, тұрғын төлемдерін төлеуге арналған арнайы шот ашасыз.
Әскери қызметшілерге арналған ипотека жөніндегі ақпаратты толық алу үшін банктердің колл-орталықтарының телефондарына қоңырау шалыңыз.
«Банк ЦентрКредит» - + 7 (727) 244-30-30, 505
«Сбербанк Казахстан» - +7 (727) 250-30-20, 5030
«Halyk банк» - 7111
«АТФ банк» - +7 8000 800 283, 2424