Жиі қойылатын сұрақтар

  • Жалпы мәселелер

    • Бағдарлама мен оның шарттарытуралы толық қайдан білуге болады?

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсындағы төмендегі  сілтеме бойынша http://www.nationalbank.kz/?docid=3555&switch=russian

    • Бағдарламаның негізгі шарттары қандай?
      • Жылдық 7% мөлшерлемесі
      • Бастапқы жарна - 20%
      • Несие мерзімі - 25 жылға дейін
         
    • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (СЖТМ) мәні қандай?

      СЖТМ есептік шамасы болып табылады және несие мерзіміне қарай әр түрлі болады. Мысалы, СЖТМ  мәні 25 жылдық несие мерзімі  кезінде шамамен 7,2% құрайды.
      Алайда, қарыз алушы үшін сыйақы бойынша нақты төлемдер жылына 7% негізінде есептелетін болады.

    • Бағдарлама қанша уақытқа созылады?

      Бағдарлама шектеусіз. 

    • Қарызды қандай валютада алуға болады?

      Тек теңгемен. 

    • Банктермен қандай қомиссиялар ұсталынады?

      Қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссияларға тыйым салынады.

  • Ипотекалық қарызды қайда және қалай алуға болады?

    • Қарызды алу үшін қашан және қайда өтініш бересіз?

      Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін  қатысушы банкпен байланыс жасауыңыз керек.
      Қарыз беру рәсімінің басталуы туралы ақпарат және қатысушы банктердің тізімі Интернет-ресурста қосымша орналастырылады
      ҚР Ұлттық Банкінің сілтемесі бойынша http://www.nationalbank.kz/?docid=3555&switch=russian.

    • Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

      Қатысу үшін қарыз алушының Бағдарламаның шарттарына сәйкестігігін растайтын қажетті құжаттар,соның ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуына қатысты, сонымен қатар банктің талаптарына сәйкес басқа да құжаттар.

  • Қарыз алушыға қойылатын талаптар

    • Қарыз алуға қойылатын талаптар қандай?

      Жеке тұлға Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы
      2) Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
      3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.
      Банк қарыз алушыларға, Бағдарлама шарттарына  қайшы келмейтін қосымша талаптарды белгілеуі мүмкін.

    • Егер менде ешқандай ресми табыс жоқ болса, мен еш жерде жұмыс істемесем, Бағдарлама бойынша қарыз ала аламын ба?

      Кірісі жоқ азамат, яғни, төлем қабілеттілігі болмағандықтан Бағдарлама бойынша несие ала алмайды

    • Кірісі жоқ азамат, яғни, төлем қабілеттілігі болмағандықтан Бағдарлама бойынша несие ала алмайды Қарыз алу үшін қандай жалақы (кіріс) керек?

      Қарыз алушының кірісінің ең төменгі деңгейі Бағдарламада белгіленбейді. Сонымен қатар, қарыз алушы ипотекалық қарызды қамтамасыз ету үшін жеткілікті табыстарды растауы керек. Қарыз алушының табыс деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, қоса қарыз алушыны тартуға рұқсат беріледі.

    • Қосақарыз алушыны тартуға болады ма? Жұбайлары, жақын туыстарықоса қарыз алушылар бола ала ма? Қоса қарыз алушыларға меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы бойынша талаптар бар ма?

      Қоса қарыз алушыларды тартуға рұқсат берілді. Бағдарлама бойынша қарыз алушыларға қойылатын талаптар банктің өз бетінше талап қойылатын қоса қарыз алушыларына қолданылмайды.

    • Басқа да өтелмеген қарыздардың болуы қарыз алуға кедергі болады ма? Бұрын менде несие бойынша мерзімін өткізіп алу болған еді, енді мен қарыз ала аламын ба?

      Бағдарламада ипотекалық тұрғын үй қарызы  бар адамға қарыз беруге тыйым салу қарастырылған.
      Басқа қарыздардың болуы Сіздің несиелік қабілеттілігіңізге және  Бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз мөлшерін бағалауға әсер етеді.
      Қарыз алушының кредиттік тарихындағы мерзімі өткен қарыздар Бағдарламаныңқатысушы банкімен іске асатынқарыз алушының кредиттік қабілеттілігін бағалауға кері әсерін тигізеді.

    • Бағдарлама бойынша несие беру кезінде қарыз алушының зейнеткерлік жасына дейінгімерзім ескеріледі ме?

      Бағдарламамен қарыз алушының зейнеткерлік жасына дейінгі  мерзім мен қарыз мерзімі арасындағы қатынас белгіленбейді.Қарыз мерзімі қарыз алушымен  банк арасындағы келісім арқылы анықталады.

    • Бағдарлама бойынша несие беру кезінде қарыз алушының зейнеткерлік жасына дейінгімерзім ескеріледі ме?

      Бағдарламамен қарыз алушының зейнеткерлік жасына дейінгі  мерзім мен қарыз мерзімі арасындағы қатынас белгіленбейді.Қарыз мерзімі қарыз алушымен  банк арасындағы келісім арқылы анықталады.

    • Бағдарламаға мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшiлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар қатыса алады ма? Мұндай азаматтар үшін арнайы жеңілдіктер бар ма?

      Қазақстан Республикасының азаматтарының барлық санаттарына қатысуға рұқсат етіледі.

      Бағдарламаның шарттары барлық адамдар үшін бірдей, сондықтан азаматтардың жекелеген санаттары үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған.

    • Қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қоса қарыз алушы болып табылатын тұлғаға Бағдарламаға қатысуға болады ма?

      Бағдарламаға қатысудың бір шарты  - қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз алушының қолданыста берешегінің болмауы болып табылады. 
      Қоса қарыз алушы қарыз алушымен тең дәрежеде қарыз бойынша борышкер болғандықтан, қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қоса қарыз алушы болып табылатын тұлға болғандықтан Бағдарламаға қатыса алмайды.

  • Тұрғын үйдің жоқтығына қойылатын талаптар

    • Бағдарламаға қатысу үшін қандай мерзім ішінде меншік құқығым болмауы керек?

      Мерзімі белгіленбейді. Қарыз алушы Бағдарламаның  қатысушы банкіне қарыз  алу үшін өтініш берген кезде меншік құқығында тұрғын үйіңіз болмауы керек.

    • Егер жұбайынның меншігінде тұрғын үй болса, ал қарыз алушыда болмаса Бағдарламаға қатысуға болады ма?

      Тұрғын үйдің жоқтығы туралы талап қарыз алушыға ғана қолданылады.

    • Ерлі-зайыптылардың бірі ортақ бірлескен меншік құқығында үйі бар болса, қарыз ала алады ма?

      Ерлі-зайыптылар ортақ бірлескен меншік құқығында баспанаға ие, сондықтан тұрғын үйдің жоқтығы туралы талапқа сай келмейді.

    • Жалпы ортақ үлестегі тұрғын үйі бар болса, қарыз алуға болады ма?

      Ия. Тұрғын үйдің болмауы бойынша талап ету жылжымайтын мүлік объектісіне қолданылады, сондықтан меншігіндегі үлес жылжымайтын мүліктің жеке объектісі болып табылмайды

    • Егер қарыз алушының меншігінде жер учаскесі бар болса Бағдарламаға қатысуға болады ма?

      Тұрғын үй құрылысы жоқ жер учаскесі - тұрғын үй болып саналмайды, осыған байланысты Бағдарламаға осындай  жер учаскесі бар адам қатыса алады.

    • Егер сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу шартын жасасам, қарыз ала аламын ба?

      Бағдарламаға қатысу критерийлерінің бірі - меншік құқығында тұрғын үйінің  болмауы болып табылады.
      Сәйкесінше, азамат банкке өтініш берген кезде жалға алған  тұрғын үй оның меншігіне айналмаған жағдайда, банкке қарыз алу үшін өтініш беруге құқығы бар.

  • Туралы бастапқы жарна

    • Бастапқы жарна қалай есептеледі?

      Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнының 20%  мөлшері  бойынша есептеледі.
      Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнынбелгілеу банк-қатысушымен жүзеге асады.

    • Бастапқы жарнаның орнына басқа тұрғын үйді кепілге беруге бола ма?

      Жоқ. Бастапқы жарна ақшалай қаржымен төленуі тиіс.

    • Бастапқы жарнаны төлеу үшін зейнетақы жинақтарын немесе ҚТҚЖБ –дағы салымды пайдалануға болады ма?

      Бастапқы жарна  қарыз алушының өз ақшасымен төленеді, сондықтан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану мүмкін емес.

      ҚТҚЖБ –да салымды жинау тұрғын үйді сатып алғысы келетін азаматтарға арналған, бірақ бастапқы жарнаны бір мезгілде беру мүмкіндігі жоқ.

      Салымды жинау арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу  азаматтарға салыстырмалы түрде төмен мөлшерлемемен (3% -5%) қарыз алуға мүмкіндік береді.

    • Бастапқы жарнаны 20% -дан аз төлей аламын ба? Бөліп төлеуге болады ма?

      20% мөлшердегі  бастапқы жарна тіркелген болып табылады және қарыз алғанға дейін бір-ақ рет төленеді.

    • Егер бастапқы жарнаны төлеу үшін ақша болмаса не істеуге болады?

      Бастапқы жарнаны бір мезгілде ұсыну мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін ҚТҚЖБ –дағы  салым ақшасын толтыру жолымен   тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесіне қатысу арқылы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі бар.

    • Бастапқы жарнаға 20% -дан артық төлей аламын ба?

      20% мөлшердегі  бастапқы жарна тіркелген болып табылады және қарыз алғанға дейін бір-ақ рет төленеді.

      Егер Сіз бастапқы жарна жасау үшін көп қаражатыңыз болса,  үлкен мөлшерде төлеу мүмкіндігі қарастырылған басқа да ипотекалық өнімдерді пайдалана аласыз.

  • Бағдарламаның әрекет ететін аумағы

    • Шетелде тұрғын үй сатып алуға қарыз алуға болады ма?

      Жоқ. Бағдарлама Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алу мүмкіндігін қарастырады.

    • Бір қалада тіркелген азамат басқа қаладанқарызға үй сатып алуына болады ма? Ауыл тұрғындары осы бағдарлама аясында қалалардан тұрғын үй сатып алуына болады ма?

      Сатып алынатын тұрғын үйдің орналасқан жеріне, сондай-ақ қарыз алушының тіркелген нақты орналасқан орнына қатысты шектеулер белгіленбейді.

  • Тұрғын үйге қойылатын талаптар

    • Тұрғын үйге қойылатын талаптар қандай? Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді сатып алуға болады ма?

      Тек қана құрылыс салушылардан пайдалануға берілген жаңа салынған тұрғын үйлерге ғана рұқсат беріледі.

    • Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарға құны немесе тұрғын үй алаңы қандай?

      Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны:
      Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін - 25 млн теңге 
      басқа өңірлер үшін - 15 млн теңге 
      Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны, сондай-ақ тұрғын үй алаңы шектелмеген.
      Сондай-ақ қарыздың ең жоғары мөлшері белгіленбейді, 20% мөлшердегі бастапқы жарнаны ғана ескеру қажет.

    • Ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алуға немесе жеке үй сатып алуға қарыз алуға болады ма?

      Егер берілген тұрғын үй жаңа салынған және пайдалануға берілген тұрғын үй санатына жататын болса, рұқсат етіледі.

    • Тұрғын үй құрылысының рұқсат етілген жылы қандай?

      Бағдарлама тұрғын үй құрылысы жылдарымен шектелмейді,  тек енді пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйлерге рұқсат етіледі.

    • Құрылыстың құрылыс салушышысы немесе тапсырыс берушісі ЖК болуы мүмкін бе?

      Иә, ЖК құрылыс салушысы  немесе құрылыстың тапсырыс берушісі бола алады

    • Сатып алуға қарыз берілетін жаңа тұрғын үйлер объектілерініңжәне тұрғын үй кешендерінің тізімі бар ма?

      Мұндай тізім жоқ және болмайды, өйткені қарыз алушы бастапқы тұрғын үйді өзі таңдап алады.

  • Қарызды өтеу және қызмет көрсету

    • Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге болады ма, айыппұлдар болады ма?

      Бағдарлама ипотекалық қарызды  мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігіне тыйым салмайды, бұл жағдайда айыппұлдар салынбайды.

    • Бағдарлама абойынша 25 жылдан кем мерзімге ипотекалық қарыз алуға болады ма?

      Бағдарламаның шарттары бойынша қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Шектеу қарыздың тек ең жоғарғы  мерзіміне ғана қатысты.

    • Бұрын алынған ипотекалық қарыздарды і қайта қаржыландыру мүмкін бе?

      Қайта қаржыландыруға жол берілмейді.

    • Бағдарлама бойынша несиеге тұрғын үй сатып алып, оны сатып қайтадан сондай алуға болады ма?

      Бағдарламаның қарыз алушыға қойылатын талаптарының бірі – оның өтелмеген ипотекалық қарыздарының болмауы.
      Осылайша, Бағдарламаның қатысушысы және қолданыста ипотекалық қарызы бола тұрып, Бағдарламаның шарттарына сәйкес жаңадан қайта алу мүмкін емес. Бұл кезде, ипотекалық қарызды  толық өтеген жағдайда, Бағдарлама Бағдарламаның шарттарын сақтаған кезде жаңа қарыз алуға мүмкіндік береді.

    • Егер мен Бағдарлама бойынша қарыз алсам, қарызды өтемей 25 жыл бойы тұрғын үйді өз атымда сақтай аламын ба?

      Бағдарлама бойынша ипотекалық  қарыздар ақылылық, мерзімділік,  қайтарымдылық шарттарыменберіледі.
      Сатып алынған тұрғын үй - ипотекалық  қарыз  бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылады.Тиісінше, егер қарыз алушы ипотекалық қарызды өтемесе, онда кепіл ұстаушы ретінде банк ипотекалық қарыз бойынша кепілді қамтамасыз етуді өндіріп алуға құқы бар

    • Құны 5 млн.-25 млн. теңге тұратын тұрғын үй бойынша ай сайынғы күтілетін төлем мөлшері қандай?

      25 жыл қарыз мерзімі кезіндегі  Бағдарламаға  сәйкесшамамен ай сайынғы төлем бойынша алдын-ала есептеулер:

      Тұрғын үйдің құны, теңгемен  Бастапқы жарнамөлшері, теңге. Ай сайынғы төлем мөлшері, теңге
       5 млн. 1 млн. 28  мың.
      10 млн. 2 млн. 57  мың.
      15 млн. 3 млн. 85 мың.
      20 млн. 4 млн. 113 мың.
      25 млн. 5 млн. 141 мың.
      Ай сайынғы төлем мөлшерін қосымша есептеу үшін http://www.nationalbank.kz/?docid=1386&switch=russian сілтеме бойынша  калькуляторды пайдаланыңыз.

  • Басқа мәселелер

    • Қарызды алуға арналаған кезекте тұрғандар тізімі бар ма?

      Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін   қатысу шарттары тең болғандықтан, Бағдарламамен қарыз алу бойынша  кезектілік қарастырылмаған.

    • Бағдарлама тұрғындарға жаңа тұрғын үйді бөліп-бөліп төлеу түріндегі мемлекеттік көмек болып табыла ма?

      Бағдарлама ешқандай да мемлекеттің тұрғындарға тегін көмек ретінде қабылданбауы және арқа сүйеушілік кейіп тудырмауы керек.

      Бағдарламаның негізі қаланған барлық шарттары  ұзақ мерзімділік және  тұрақтылық қағидаттарына негізделген.Бағдарламаның барлық шарттарын  қатаң сақтау және төлем тәртібін сақтау әлеуетті қарыз алушыларға тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

    • ҚТҚЖБ шарттары неге басқа банктердің шарттарынан ерекшеленеді? Басқа банктер қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерте ала ма?

      Депозиттік шарттың талаптарын орындау қажеттілігіне байланысты, оның ішінде жинақ шоттағы ақшаның қажетті көлемін жинақтаумен байланысты Тұрғын үй құрылысы жинақтау  жүйесінің өз ерекшеліктері бар.
      Сонымен қатар, ҚТҚЖБ Бағдарламаға басқа серіктес банктермен тең дәрежеде қатысады. Яғни ҚТҚЖБ, сондай-ақ басқа серіктес-банктер сияқты клиенттер үшін мынадай шарттарды ұсынуы тиіс: 7% пайыздық мөлшерлеме (СЖТМ - 7,2% артық емес), ол барлық несие беру кезеңінде өзгеріссіз қалады; бастапқы жарна - 20%, несие мерзімі - 25 жыл.

    • Бағдарлама операторының облигацияларын қалай және қай жерде сатып аламын?

      «Баспана» ИҰ облигациялары Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылады.Облигацияларды орналастыру басталғаны туралы ақпарат қосымша жарияланады.
      Облигацияларды тізілімі Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған брокерлік компаниялардың қызметтері арқылы сатып алуға болады http://www.nationalbank.kz/?docid=3030&switch=russian.