02Сәу
Шағын және орта бизнеске арналған кредиттеу бағдарламасының басталуы туралы
Қазақстанның 12 банкі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қолдап, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық ахуалы төмендеген шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске асыруға кірісті.
30Нау
«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары аясында төлем шегерімдерін алу
2020 жылдың 16 наурызы мен 15 маусымы аралығында «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының қарыз алушылары банкке негізгі қарыз мен сыйақы төлеу мерзімін кейінге қалдыру үшін қашықтықтан жүгіне алады
12Ақп
«Баспана» АҚ-ты және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ты қайта ұйымдастыру туралы
ҚР Ұлттық Банкінің екі еншілес ұйымын - «Баспана» АҚ-ты «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-қа (бұдан әрі – «ҚОҚ» АҚ) біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру процесі аяқталды.

Бағдарламаға қатысуға арналған шарттар

Қазақстан Республикасының азаматтығы
Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы міндетті
Кірісінің болуы
Қарыз алушының еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы
Ипотекалық қарыздарының болмауы
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы
Тұрғын үйінің болмауы
Жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын, апат жағдайындағы тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.

Тұрғын үйге қойылатын талаптар

Пайдалануға берілген жаңа салынған тұрғын үйлер

Құрылыс салушылардан (құрылысқа тапсырыс берушілерден) сатып алынған жаңа  тұрғын үйлер

Тұрғын үйдің ең жоғары құны

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент - 25 млн теңге 

Өңірлер  - 15 млн теңге 

Қарыз калькуляторы

Қарыз сомасы мен мерзімі бойынша, мың теңге.
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент
  • Басқа өңірлер
  • Тұрғын үй құны
  • Қарыз мерзімі
    25
  • Бастапқы жарна
  • Қарыз сомасы
Ай сайынғы төлем

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қалай алады?

Клиент Тұрғын үйді табады және Банкке өтініш білдіреді
01
Қарыз алушы бастапқы нарықта сатып алғысы келетін тұрғын үйді (үйді / пәтерді) табады, оны тағайындайды (тағайындау шарттары нақты құрылыс салушылармен белгіленеді).Қарыз алушы банкке қарыз алу үшін өтініш береді және барлық қажетті құжаттарды ұсынады. Қарыз алушы барлық қажетті құжаттарды банкке тапсырғанын және тағайындауды ұзартатынын (қажет болған жағдайда және тағайындауды ұзарту мүмкіндігі болғанда) құрылыс салушыларға хабарлайды
01
Банк қарыз алушыны тексереді және қарыз беруді мақұлдайды
02
Банк қарыз алушының барлық құжаттарын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі үшін қарайды және несиені мақұлдайды. Қарыз алушы Құрылыс салушыға кепілдеме хат ұсынады. Құрылыс салушы сатып алу-сату шартын жасайды.
02
Клиент ССШ * жасайды және ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫҒА БАСТАПҚЫ ЖАРНАНЫ ЕНГІЗЕДІ
03
ССШ нотариуспен кәуландырылады. Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнының 20% -ын құрайды және Қарыз алушыдан өз еркімен Құрылыс салушы шотына төленеді.Қарыз алушы ССШ-ты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ХАҚ-ында немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ-те онлайн режимінде) тіркелінеді. Тіркелген сатып алу-сату шарты банкке беріледі.
03
Банк береді және ОНЫ ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫҒА АУДАРАДЫ
04
Банк пен Қарыз алушы қол қояды: - Қарыз шарты; - Төлемдер кестесі; - Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты. Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ХАҚ-ында немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ-те онлайн режимінде) тіркелінеді.Сатып алынған тұрғын үйді кепілге қою туралы шартты мемлекеттік тіркелгеннен кейін, Банк қарыз сомасын Құрылыс салушыға аударады
04
Клиент жаңа тұрғын үйге қоныстанады
05
05
Бағдарламаның банки-серіктестері
ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР БЕРЕДІ:
homster_banner