«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 11% деңгейіне қайта оралды

11.09.2019

«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ, Алматы, 11 қыркүйек. Серіктес-банктерде 2019 жылдың 10 қыркүйегінен бастап «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 10,75%-дан  11%-ға дейін көтерілді, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы.

Мөлшерлеменің түзетілуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  (бұдан әрі - ҚР ҰБ) 9 қыркүйекте базалы мөлшерлемені 9,25% деңгейіне дейін көтеру туралы шешім қабылдағаннан кейін болды. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне байланысты екенін (ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі + 1,75%)  еске саламыз. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін ҚРҰБ 2019 жылғы 28 қазанда жариялайды.

Түпнұсқаға сілтеме: https://mcb.kz/news