Жаналыктар

«Баспана» ипотекалық ұйымы тұңғыш рет 20 897 222 222,22 теңге сомасына облигацияларды өтеді

16.10.2019

Алматы, 2019 жылғы 16 қазан. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ («ВВВ»/болжамы «Тұрақты», Fitch) өзінің бірінші облигациялар шығарылымы бойынша 20 897 222 222,22 теңге жалпы сомасына, оның ішінде негізгі борыш бойынша - 20 000 000 000,00 теңге және купондық сыйақы бойынша -  897 222 222,22 теңге сомасына уақтылы және толық көлемде өтеуді жүзеге асырғанын хабарлайды. Бастапқы облигациялар орналастыру жылдық 9,59% орташа өлшемді мөлшерлеме бойынша 2018 жылғы қазанда өтті. Кестеге сәйкес келесі өтеу 32,550 млрд теңге сомасына  2019 жылдың соңында өтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) еншілес құрылымы – «Баспана» ИҰ» АҚ ипотекалық кредиттеуді дамыту институты ретінде құрылғанын атап көрсетеміз. Компания облигациялар шығару және екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық портфельдерді сатып алу есебінен қор нарығы арқылы қаражат тартумен шұғылданады. Қазіргі кезде қор нарығы арқылы «Баспана»  198, 6 млрд теңге жалпы сомасына облигациялар орналастырды.

 «Облигациялар орналастыру – ипотекалық портфельді сатып алу» қаржылық моделі мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындамай-ақ «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік береді. Ағымдағы сәтте «Баспананың» сатылған облигацияларының 85%-ын жеке инвесторлар – екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру ұйымдары, капиталды басқару жөніндегі компаниялар мен брокерлік ұйымдар сатып алды.

Жалпы алғанда, ҚРҰБ әзірлеген «Баспананың» қаржылық моделі бүгінгі күні өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бір жағынан, қазақстандықтар тұрғын үйді ипотекаға төмендетілген мөлшерлемелер бойынша сатып алу мүмкіндігіне ие болды, екінші жағынан мемлекет субсидиялаудан босатылды, ал инвесторлар кепілді түрде жоғары кіріс алады. Сонымен бірге, бұл екінші деңгейдегі банктерге өздерінің ипотекалық кредиттеу үлестерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Егер 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін коммерциялық банктер ипотека бойынша жылына орташа түрде 250 млрд теңге кредит берген болса, 2018 жылы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары іске қосылғаннан кейін банктердің ипотекалық кредиттеуі 520 млрд. теңгеге жетті, ал 2019 жылғы 8 айда – 508 млрд теңгеге жуық болды.
 

Түпнұсқаға сілтеме: https://mcb.kz/news/pervoepogashenie