Жаналыктар

Өңірлерде “7-20-25” арқылы “Нұрлы жердің” қанша пәтері сатылады?

11.03.2019

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша 2019 жылы әкімдіктер “Нұрлы жер” бағдарламасының 3 355 пәтерін “7-20-25” бағдарламасы бойынша сатуға бөледі. Бұл туралы “Баспана” ипотекалық ұйымының сыртқы коммуникациялар департаменті хабарлады. “7-20-25” бағдарламасы үшін қолжетімді пәтерлердің ең көбі Шымкентте (1282 пәтер), Ақтөбеде (605 пәтер) және СҚО-да (411 пәтер) беріледі.

Республика бойынша барлығы 3 355 пәтер
Ақмола облысы 0
Ақтөбе облысы 605
Алматы облысы 0
Атырау облысы 0
Шығыс Қазақстан облысы 0
Жамбыл облысы 278
Батыс Қазақстан облысы 396
Қарағанды облысы 0
Қостанай облысы 252
Қызылорда облысы 120
Манғыстау облысы 370
Павлодар облысы 71
Солтүстік Қазақстан облысы 411
Түркістан облысы 336
Шымкент 1 282
Алматы 0
Астана 0

Бұған дейін “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшылары арасында бөлінген еді. Бірақ тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты жыл басынан “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйді “7-20-25” бағдарламасына қатысушылар да ала алатын болды. Егер нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде “7-20-25” бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алу жағдайында пәтерлердің болуын және сипаттамаларын жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет.

“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізінен бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер салынады.

Пәтерді әкімдіктер арқылы сатып алған жағдайда “7-20-25” бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлем шамамен қандай болады? “Баспана” ипотекалық ұйымы оны былайша есептеп отыр:

Астана, Алматы, Ақтау мен Атыраудағы пәтерлер Ай сайынғы төлем, теңге

(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)

1 бөлмелі (37 шаршы метрден бастап) 37 317
2 бөлмелі (50 шаршы метрден бастап) 50 888
3 бөлмелі (65 шаршы метрден бастап) 66 154
Қалған өңірлердегі пәтерлер Ай сайынғы төлем, теңге

(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)

1 бөлмелі (37 шаршы метрден бастап) 29 400
2 бөлмелі (50 шаршы метрден бастап) 39 579
3 бөлмелі (65 шаршы метрден бастап) 51 453

Еске салайық, бұған дейін “Нұрлы жер” бағдарламасының пәтерлерін “7-20-25” бағдарламасы арқылы сатып алудың бірнеше амалы туралы хабарланған еді.