18Ақп
Банктер белсенділіктерін күшейтті. «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының 2020 жылы іске асырылуының қортындысы
2020 жылы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары арқылы 34 549 қазақстандық меншікті баспанаға ие болды. Берілген кредиттердің жалпы сомасы 349,7 миллиард теңгені құрады.
24Жел
Altyn Bank «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларына қосылды
Altyn Bank «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша азаматтардың өтінімдерін қабылдай бастады. Банк пен ипотекалық бағдарламалардың операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының арасында тиісті келісімге қол қойылды. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының басты артықшылықтары оның атауында көрсетілген. Қарыздар төмендетілген пайыздық мөлшерлеме – жылдық 7%-бен 25 жыл мерзіміне беріледі, бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан 20% құрайды. Бұл бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті бастапқы нарықтан ғана сатып алуға болады.Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны - Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңге, басқа өңірлер үшін 15 млн теңге құрайды. «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша Altyn Bank-тің клиенттері жаңа тұрғын үйді ғана емес, қайталама нарықтағы үйді де сатып алуға өтінім бере алады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің ең жоғары құны – 35 млн теңге, қайталама нарықта – 25 млн теңге, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында – 20 млн теңге, басқа өңірлерде – 15 млн теңге құрайды. «Баспана Хит» бағдарламасының талаптары бойынша қарыздар тұрғын үйдің құнынан 20% бастапқы жарнасымен 15 жыл мерзіміне беріледі. Ипотекалық қарыз теңгемен беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +175 базистік тармақ (ағымдағы күнге - жылдық 10,75%) «Altyn Bank қосылғаннан кейін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларына қатысушы банктер саны тоғызға дейін өсті. Серіктестер қатарының артуы бағдарламалардың ауқымын кеңейтеді, клиенттік сервисті жақсартады және азаматтарға өзіне қолайлы банкті таңдауға мүмкіндік береді», - дейді «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдыков. «Біз әрбір клиентіміздің ипотека бойынша ең қолайлы және қолжетімді талаптарын таңдауға мүмкіндік алуын қалаймыз. «7-20-25» және «Баспана Хит» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу біз үшін маңызды қадам, ол біздің клиенттерімізге ең ұтымды нарықтық талаптармен тұрғын үй кредитін алуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді «Altyn Bank» АҚ Бөлшек өнімдер департаментінің директоры Жанара Шалабаева Қазіргі кезде «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша ипотекалық кредитті Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Халық банк, АТФБанк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jysan bank, ForteBank және Altyn Bank береді. Altyn Bank-тен ипотекалық кредит бойынша +7 (727) 35-65-777 телефоны арқылы кеңес алуға болады. Өтінімдер Altyn Bank-тің Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы бөлімшелерінде қабылданады.
21Шіл
«Баспана Хит»: мөлшерлемелер төмендетілді
«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11,25%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді

Бағдарламаға қатысуға арналған шарттар

Қазақстан Республикасының азаматтығы
Қазақстан Республикасының азаматтығы
Кірісінің болуы
Қарыз алушының еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы
Ипотекалық қарыздарының болмауы
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы
Тұрғын үйінің болмауы
Жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын, апат жағдайындағы тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.

Тұрғын үйге қойылатын талаптар

Пайдалануға берілген жаңа салынған тұрғын үйлер

Құрылыс салушылардан (құрылысқа тапсырыс беруші, құрылыс инвесторы, ЖАО және олардың атынан үйді сататын басқа да заңды тұлғалардан) сатып алынған жаңа тұрғын үйлер

Тұрғын үйдің ең жоғары құны

Нұр-Сұлтан, Алматы және шекаралас аймақтарын қоса алғанда, Ақтау, Атырау, Шымкент - 25 млн теңге

Қарағанды - 20 млн теңге

Өңірлер  - 15 млн теңге 

Қарыз калькуляторы

Қарыз сомасы мен мерзімі бойынша
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және шекаралас аймақтары, Ақтау, Атырау, Шымкент
  • Қарағанды
  • Басқа өңірлер
  • Тұрғын үй құны
  • Қарыз мерзімі
    25
  • Бастапқы жарна
  • Қарыз сомасы
Ай сайынғы төлем

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қалай алады?

Клиент Тұрғын үйді табады және Банкке өтініш білдіреді
01
Қарыз алушы бастапқы нарықта сатып алғысы келетін тұрғын үйді (үйді / пәтерді) табады, оны тағайындайды (тағайындау шарттары нақты құрылыс салушылармен белгіленеді).Қарыз алушы банкке қарыз алу үшін өтініш береді және барлық қажетті құжаттарды ұсынады. Қарыз алушы барлық қажетті құжаттарды банкке тапсырғанын және тағайындауды ұзартатынын (қажет болған жағдайда және тағайындауды ұзарту мүмкіндігі болғанда) құрылыс салушыларға хабарлайды
01
Банк қарыз алушыны тексереді және қарыз беруді мақұлдайды
02
Банк қарыз алушының барлық құжаттарын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі үшін қарайды және несиені мақұлдайды. Қарыз алушы Құрылыс салушыға кепілдеме хат ұсынады. Құрылыс салушы сатып алу-сату шартын жасайды.
02
Клиент ССШ * жасайды және ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫҒА БАСТАПҚЫ ЖАРНАНЫ ЕНГІЗЕДІ
03
ССШ нотариуспен кәуландырылады. Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнының 20% -ын құрайды және Қарыз алушыдан өз еркімен Құрылыс салушы шотына төленеді.Қарыз алушы ССШ-ты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ХАҚ-ында немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ-те онлайн режимінде) тіркелінеді. Тіркелген сатып алу-сату шарты банкке беріледі.
03
Банк береді және ОНЫ ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫҒА АУДАРАДЫ
04
Банк пен Қарыз алушы қол қояды: - Қарыз шарты; - Төлемдер кестесі; - Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты. Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ХАҚ-ында немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ-те онлайн режимінде) тіркелінеді.Сатып алынған тұрғын үйді кепілге қою туралы шартты мемлекеттік тіркелгеннен кейін, Банк қарыз сомасын Құрылыс салушыға аударады
04
Клиент жаңа тұрғын үйге қоныстанады
05
05
Бағдарламаның серіктес банктері
ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАР БЕРЕДІ:

КВАРТИРЫ ПО ИПОТЕЧНОЙ
ПРОГРАММЕ "7-20-25"

Выберите квартиру своей мечты