Жаналыктар

«Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамын және «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы хабарлама

31.12.2019

«Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Баспана) 2019 жылғы 25 желтоқсанда Баспананың және «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қазақстанның орнықтылық қоры) жалғыз акционері басқару құрылымын оңтайландыру, қойылған міндеттерге қол жеткізу, активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Баспананы Қазақстанның орнықтылық қорына біріктіру нысанында Баспананы және Қазақстанның орнықтылық қорын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. Қайта ұйымдастырылған қоғам әрбір қазақстандық отбасы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша өз миссиясын сақтайды және «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын және «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық өнімін іске асыруды жалғастырады.