«7-20-25» дегеніміз не?

«7-20-25» - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру аясында әзірленді.

 

«7-20-25» - бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

 

Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

 

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ «7-20-25» бағдарламасының операторы болып табылады.