Жиі қойылатын сұрақтар

  • Жалпы мәселелер

    • Бағдарлама мен оның шарттары туралы толық қайдан білуге болады?

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан.

    • Бағдарламаның негізгі шарттары қандай?
      • Жылдық 7% мөлшерлемесі
      • Бастапқы жарна - 20%дан бастап
      • Несие мерзімі - 25 жылға дейін.
         
    • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (СЖТМ) мәні қандай?

      СЖТМ есептік шамасы болып табылады және несие мерзіміне қарай әр түрлі болады. Мысалы, СЖТМ  мәні 25 жылдық несие мерзімі  кезінде шамамен 7,2% құрайды.
      Алайда, қарыз алушы үшін сыйақы бойынша нақты төлемдер жылына 7% негізінде есептелетін болады.

    • Бағдарлама қанша уақытқа созылады?

      Бағдарламаның мерзімі шектеусіз. 

    • Қарызды қандай валютада алуға болады?

      Тек теңгемен. 

    • Банктермен қандай қомиссиялар ұсталынады?

      Қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссияларға тыйым салынады.

  • Ипотекалық қарызды қайда және қалай алуға болады?

    • Қарызды алу үшін қашан және қайда өтініш бересіз?

      Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін қатысушы банкке жүгіну қажет.

    • Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

      Қатысу үшін қарыз алушының Бағдарламаның шарттарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттар,соның ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуына қатысты, сонымен қатар банктің талаптарына сәйкес басқа да құжаттар.

  • Қарыз алушыға қойылатын талаптар

    • Қарыз алуға қойылатын талаптар қандай?

      Жеке тұлға Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      2) Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
      3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.
      Банк қарыз алушыларға, Бағдарлама шарттарына  қайшы келмейтін қосымша талаптарды белгілеуі мүмкін.

    • Егер менде ешқандай ресми табыс жоқ болса, мен еш жерде жұмыс істемесем, Бағдарлама бойынша қарыз ала аламын ба?

      Кірісі жоқ азамат, яғни, төлем қабілеттілігі болмағандықтан Бағдарлама бойынша несие ала алмайды.

    • Кірісі жоқ азамат, яғни, төлем қабілеттілігі болмағандықтан Бағдарлама бойынша несие ала алмайды Қарыз алу үшін қандай жалақы (кіріс) керек?

      Қарыз алушының кірісінің ең төменгі деңгейі Бағдарламада белгіленбейді. Сонымен қатар, қарыз алушы ипотекалық қарызды қамтамасыз ету үшін жеткілікті табыстарды растауы керек. Қарыз алушының табыс деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, қоса қарыз алушыны тартуға рұқсат беріледі.

    • Қосалқы борышкерді тартуға болады ма? Жұбайлары, жақын туыстары қосалқы борышкер бола ала ма? Қосалқы борышкерге меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы бойынша талаптар бар ма?

      Қосалқы борышкер тартуға рұқсат берілді. Бағдарлама бойынша қарыз алушыларға қойылатын талаптар қосалқы борышкерге қойылмайды. Оған талапты банктің өзі қояды.

    • Басқа да өтелмеген қарыздардың болуы қарыз алуға кедергі болады ма? Бұрын менде несие бойынша мерзімін өткізіп алу болған еді, енді мен қарыз ала аламын ба?

      Бағдарламада ипотекалық тұрғын үй қарызы бар адамға қарыз беруге тыйым салу қарастырылған. Басқа қарыздардың болуы Сіздің несиелік қабілеттілігіңізге және Бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз мөлшерін бағалауға әсер етеді. Қарыз алушының кредиттік тарихындағы мерзімі өткен қарыздар төлемқабілеттілігін бағалау кезінде кері әсерін тигізеді.

    • Бағдарлама бойынша несие беру кезінде қарыз алушының жасына шектеу қойыла ма?

      Бағдарлама қарыз алушының жасына шектеу қоймайды.

    • Бағдарлама бойынша несие беру кезінде қарыз алушының зейнеткерлік жасына дейінгі мерзімі ескеріледі ме?

      Бағдарламамен қарыз алушының зейнеткерлік жасына дейінгі мерзімі мен қарыз мерзімі арасындағы қатынас белгіленбейді. Қарыз мерзімі қарыз алушымен банк арасындағы келісім арқылы анықталады.

    • Бағдарламаға мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшiлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар қатыса алады ма? Мұндай азаматтар үшін арнайы жеңілдіктер бар ма?

      Қазақстан Республикасының азаматтарының барлық санаттарына қатысуға рұқсат етіледі. Бағдарламаның шарттары барлық адамдар үшін бірдей, сондықтан азаматтардың жекелеген санаттары үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған.

    • Қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қосалқы борышкер болып табылатын адам Бағдарламаға қатыса ала ма?

      Бағдарламаға қатысудың бір шарты  - қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарыздары болмауы тиыс. Қосалқы борышкер қарыз алушымен тең дәрежеде қарыз бойынша борышкер болғандықтан Бағдарламаға қатыса алмайды.

  • Тұрғын үйдің жоқтығына қойылатын талаптар

    • Бағдарламаға қатысу үшін қандай мерзім ішінде меншік құқығым болмауы керек?

      Мерзімі белгіленбейді. Қарыз алушы Бағдарламаның  қатысушы банкіне қарыз  алу үшін өтініш берген кезде меншік құқығында тұрғын үйіңіз болмауы керек.

    • Егер жұбайының меншігінде тұрғын үй болса, ал қарыз алушыда болмаса Бағдарламаға қатысуға болады ма?

      Тұрғын үйдің жоқтығы туралы талап қарыз алушыға ғана қолданылады.

    • Ерлі-зайыптылардың бірі ортақ бірлескен меншік құқығында үйі бар болса, қарыз ала алады ма?

      Ерлі-зайыптылар ортақ бірлескен меншік құқығында баспанаға ие, сондықтан тұрғын үйдің жоқтығы туралы талапқа сай келмейді.

    • Жалпы ортақ үлестегі тұрғын үйі бар болса, қарыз алуға болады ма?

      Ия. Тұрғын үйдің болмауы бойынша талап ету жылжымайтын мүлік объектісіне қолданылады, сондықтан меншігіндегі үлес жылжымайтын мүліктің жеке объектісі болып табылмайды

    • Егер қарыз алушының меншігінде жер учаскесі бар болса Бағдарламаға қатысуға болады ма?

      Тұрғын үй құрылысы жоқ жер учаскесі - тұрғын үй болып саналмайды, осыған байланысты Бағдарламаға осындай жер учаскесі бар адам қатыса алады.

    • Егер сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу шартын жасасам, қарыз ала аламын ба?

      Бағдарламаға қатысу критерийлерінің бірі - меншік құқығында тұрғын үйінің  болмауы болып табылады.
      Сәйкесінше, азамат банкке өтініш берген кезде жалға алған  тұрғын үй оның меншігіне айналмаған жағдайда, банкке қарыз алу үшін өтініш беруге құқығы бар.

  • Туралы бастапқы жарна

    • Бастапқы жарна қалай есептеледі?

      Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнынан 20% мөлшерінде есептеледі. Қарыз алушының бастамасы бойынша бастапқы жарнаны 20% артық енгізуге рұқсат беріледі.
      Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнын анықтауды қатысушы банк жүзеге асырады.

    • Бастапқы жарнаның орнына басқа тұрғын үйді кепілге беруге бола ма?

      Жоқ. Бастапқы жарна ақшалай қаржымен төленуі тиіс.

    • Бастапқы жарнаны төлеу үшін зейнетақы жинақтарын немесе ТҮҚЖБдағы салымды пайдалануға болады ма?

      Бастапқы жарна қарыз алушының меншікті ақшасымен төленеді, сондықтан зейнетақы жинақтарын пайдалануға болмайды.
      ТҮҚЖБ-да салымды жинақтау азаматтарға ТҮҚЖБ-да ғана қарыз алуға мүмкіндік береді.

    • Бастапқы жарнаны 20% -дан аз төлей аламын ба? Бөліп төлеуге болады ма?

      20% мөлшердегі  бастапқы жарна тіркелген болып табылады және қарыз алғанға дейін бір-ақ рет төленеді.

    • Егер бастапқы жарнаны төлеу үшін ақша болмаса не істеуге болады?

      Бастапқы жарнаны бір мезгілде беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін Бағдарлама бойынша сатып алу кезінде жергілікті атқарушы органнан (ЖАО) "тұрғын үй сертификатын" алу арқылы бастапқы жарна сомасын жабу мүмкіндігі бар. Толығырақ ақпарат.

    • Бастапқы жарнаға 20% -дан артық төлей аламын ба?

      Бастапқы жарнаны 20%-дан артық енгізуге болады және бір мезгілде қарызды алғанға дейін төленеді.

  • Бағдарламаның әрекет ететін аумағы

    • Шетелде тұрғын үй сатып алуға қарыз алуға болады ма?

      Жоқ. Бағдарлама тек қана Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алу мүмкіндігін қарастырады.

    • Бір қалада тіркелген азамат басқа қаладан қарызға үй сатып алуына болады ма? Ауыл тұрғындары осы бағдарлама аясында қалалардан тұрғын үй сатып ала ала ма?

      Сатып алынатын тұрғын үйдің орналасқан жеріне, сондай-ақ қарыз алушының тіркелген нақты орналасқан орнына қатысты шектеулер белгіленбейді.

  • Тұрғын үйге қойылатын талаптар

    • Тұрғын үйге қойылатын талаптар қандай? Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді сатып алуға болады ма?

      Тек қана құрылыс салушылардан пайдалануға берілген жаңа салынған тұрғын үйлерге ғана рұқсат беріледі.

    • Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы шекті құны немесе тұрғын үй ауданы қандай?

      Тұрғын үйдің ең жоғары шекті құны:
      25 млн теңге – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекаралары шегінде, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында;
      20 млн теңге - Қарағанды қаласы үшін; 15 млн теңге – басқа өңірлер үшін.
      Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны, сондай-ақ тұрғын үйдің алаңы шектелмеген.
      Сондай-ақ қарыздың ең жоғары мөлшері белгіленбейді, 20% және одан көп мөлшердегі бастапқы жарнаны ескеру қажет.

    • Ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алуға немесе жеке үй сатып алуға қарыз алуға болады ма?

      Егер берілген тұрғын үй жаңа салынған және пайдалануға берілген тұрғын үй санатына жататын болса, рұқсат етіледі.

    • Тұрғын үй құрылысының рұқсат етілген жылы қандай?

      Бағдарлама тұрғын үй құрылысы жылдарымен шектелмейді,  тек енді пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйлерге рұқсат етіледі.

    • Құрылыстың құрылыс салушысы немесе тапсырыс берушісі ЖК болуы мүмкін бе?

      Иә, жеке кәсіпкер құрылыс салушысы немесе құрылыстың тапсырыс берушісі бола алады

    • Сатып алуға қарыз берілетін жаңа тұрғын үйлер объектілерінің және тұрғын үй кешендерінің тізімі бар ма?

      Мұндай тізім жоқ және болмайды, өйткені қарыз алушы бастапқы тұрғын үйді өзі таңдап алады.

  • Қарызды өтеу және қызмет көрсету

    • Бағдарлама арқылы сатып алынған үйді рәсімдегенде нотариусқа қанша төлеу керек?

      Сатып алу-сату шарты ипотекалық несие аясында алынған қаражат есебінен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында жүргізілгендіктен, заңнамада төлемнің төмендетілген мөлшері - 4 айлық есептік көрсеткіш қарастырылған. Ол мемлекеттік баж ставкасынан - 2 АЕК және техникалық және заңдық қызметтер үшін төлем сомасынан - 2 АЕК құралады.

    • Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге болады ма, айыппұлдар болады ма?

      Бағдарлама ипотекалық қарызды  мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігіне тыйым салмайды, бұл жағдайда айыппұлдар салынбайды.

    • Бағдарлама бойынша 25 жылдан кем мерзімге ипотекалық қарыз алуға болады ма?

      Бағдарламаның шарттары бойынша қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Шектеу қарыздың тек ең жоғарғы мерзіміне ғана қатысты.

    • Бұрын алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға бола ма?

      Қайта қаржыландыруға жол берілмейді.

    • Бағдарлама бойынша несиеге тұрғын үй сатып алып, артынан оны сатып, қайтадан Бағдарлама арқылы үй алуға бола ма?

      Бағдарламаның қарыз алушыға қойылатын талаптарының бірі – оның өтелмеген ипотекалық қарыздарының болмауы. Демек, Бағдарламаның қатысушысы қолданыста ипотекалық қарызы бола тұрып, қайтадан үй ала алмайды. Ипотекалық қарызды өтегеннен кейін ғана, Бағдарлама шарттарын сақтай отырып жаңа қарыз алуына мүмкіндік бар.

    • Егер мен Бағдарлама бойынша қарыз алсам, қарызды өтемей 25 жыл бойы тұрғын үйді өз атымда сақтай аламын ба?

      Бағдарлама бойынша ипотекалық  қарыздар ақылылық, мерзімділік,  қайтарымдылық шарттарымен беріледі. Сатып алынған тұрғын үй - ипотекалық  қарыз  бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылады.Тиісінше, егер қарыз алушы ипотекалық қарызды өтемесе, онда кепіл ұстаушы ретінде банк ипотекалық қарыз бойынша кепілді өндіріп алуға құқы бар.

    • Құны 5 - 25 млн теңге тұратын тұрғын үйді ипотекаға алғанда ай сайынғы төлем мөлшері қандай?

      25 жыл қарыз мерзімі кезіндегі Бағдарламаға сәйкес шамамен ай сайынғы төлем бойынша алдын-ала есептеулер:

      Тұрғын үйдің құны             Бастапқы жарна мөлшері                  Ай сайынғы төлем мөлшері
                 5 млн.                                   1 млн.                                                      28  мың.
                10 млн.                                  2 млн.                                                      57  мың.
                15 млн.                                  3 млн.                                                      85 мың.
                20 млн.                                  4 млн.                                                     113 мың.
                25 млн.                                  5 млн.                                                     141 мың.
      Ай сайынғы төлем мөлшерін қосымша есептеу үшін калькуляторды пайдаланыңыз.

  • Басқа мәселелер

    • Қарыз алу үшін кезекте тұрғандар тізімі бар ма?

      Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін қатысу шарттары тең болғандықтан, Бағдарламамен қарыз алу бойынша кезектілік қарастырылмаған.

    • Бағдарлама тұрғындарға жаңа тұрғын үйді бөліп-бөліп төлеу түріндегі мемлекеттік көмек болып табыла ма?

      Бағдарлама ешқандай да мемлекеттің тұрғындарға тегін көмек ретінде қабылданбауы және арқа сүйеушілік кейіп тудырмауы керек.

      Бағдарламаның негізі қаланған барлық шарттары  ұзақ мерзімділік және  тұрақтылық қағидаттарына негізделген.Бағдарламаның барлық шарттарын  қатаң сақтау және төлем тәртібін сақтау әлеуетті қарыз алушыларға тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

    • Бағдарлама операторының облигацияларын қалай және қай жерде сатып аламын?

      «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ облигациялары (коды KFUS) Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылады.Облигацияларды орналастыру басталғаны туралы ақпарат қосымша жарияланады. Облигацияларды Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында тізімі жарияланған брокерлік компаниялар арқылы сатып алуға болады.