Жаналыктар

Fitch «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың рейтингін «ВВВ», болжамы «Тұрақты» деңгейінде растады

18.12.2019

Алматы, 18 желтоқсан. Fitch Ratings «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың (бұдан әрі – «Баспана») эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») шетел және ұлттық валютасында «ВВВ» болжамы «Тұрақты» деңгейінде растады. «Баспананың» басымдық берілген қамтамасыз етілмеген борышының рейтингтері де «ВВВ» деңгейінде расталды.

 

«Рейтингтердің расталуы Fitch-тің «Баспананың» Қазақстан Республикасымен («ВВВ»/болжамы «Тұрақты»/» F2») тығыз байланысты екені туралы пікірінің өзгермегенін көрсетеді. Мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингтеу әдіснамасына сәйкес Fitch «жоғарыдан-төменге қарай» тәсілін қолданады және мемлекеттің «Баспанаға» қолдау көрсету қабілеті мен дайын болуын өте жоғары деп бағалайды. Байланыс деңгейін және қолдау көрсетуге ынталандыруды бағалауды ескергендіктен, Баспананың ЭДР-ы Қазақстан Республикасының ЭДР-ымен бірдей», - деп хабарлайды Fitch Ratings.  

 

Рейтингтік агенттік «Баспананың» мәртебесін, меншігін және бақылауын өте жоғары деңгейде деп бағалайды.

 

«Бұл баға компанияның қызметіне қатаң бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) 100 пайыз меншігінде болу фактісімен күшейтіледі. Компания өз қызметін коммерциялық ұйымдарға арналған жалпы құқықтық режимі шеңберінде жүргізетініне қарамастан, ол ҚРҰБ-тың тікелей меншігіндегі елдің тұрғын үй секторындағы жалғыз агент болып табылады. Fitch компания таратылған жағдайда, оның міндеттемелері түп нәтижесінде ҚРҰБ-ға немесе үкімет тағайындаған басқа ұйымға тапсырылады деп пайымдайды», - деп жазады Fitch Ratings сарашылары.

 

Fitch рейтингі «Баспанаға» бірінші рет 2018 жылғы 19 желтоқсанда тағайындалғанын еске саламыз. Ағымдағы жылғы желтоқсанда ипотекалық ұйым 32,55 млрд теңге жалпы сомасына уақтылы және толық көлемде екінші өтеуді жүзеге асырғанын хабарлады. Ағымдағы жылғы қазан айында «Баспана» өз облигацияларының бірінші шығарылымы бойынша 20,89 млрд теңгені уақтылы өтеді. Облигацияларды бастапқы орналастыру 2018 жылғы қазан айында жылдық 9,59%  орташа алынған мөлшерлеме бойынша жүргізілді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымы «Баспана» облигациялар шығару және екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық портфельдерді сатып алу есебінен қор нарығы арқылы қаражат тартумен айналысады. 2019 жылғы 18 желтоқсандағы жағдай бойынша орналастырған облигациялардың жалпы сомасы 282,6 млрд теңгені құрайды.