Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды

26.06.2020

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch, «BBB» / «Тұрақты» болжамы, бұдан әрі - ҚОҚ) 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады. Төлем ҚОҚ акционері - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің «Мемлекеттік акциялар пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік акциялар бойынша кірістер туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

ҚОҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы. Негізгі міндеттері: банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету; ипотекалық тұрғын үй заемдарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысу; ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу; басым жобаларды несиелеу механизміне қатысу; Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.