7-20-25 бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алуды қалайтын азаматтар «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен арада ынтымақтастық туралы келісімі бар Серіктес-Банктерге жүгінеді:

  • "Банк ЦентрКредит" АҚ
  • "Bereke Bank" АҚ
  • "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ
  • "Еуразиялық Банк" АҚ
  • "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ
  • "Bank RBK" АҚ
  • "Forte Bank" АҚ
  • "Altyn bank" АҚ

Жеке тұлға  «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы
  • Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы
  • Ипотекалық кредиттерінің болмауы
  • Бұған дейін "7-20-25" бағдарламасына қатыспауы ("7-20-25" ипотекасын бір реттен артық алуға тиым салынған)