Әріптес банктерге
-
Жалпы мәселелер
-
Егер сатып алу-сату шартында сатушы ретінде жеке тұлға көрсетілсе (қабылдау актісіне сәйкес ол құрылыс салушы болып табылса), оның дара кәсіпкер екені (ДК) көрсетілуге тиіс пе? Мысалы ДК Петров, ал сатып алу-сату шартында жай Петров деп көрсетілсе, осы дұрыс па?
ДК мәртебесі ДК ретінде тіркелумен расталады. Осыған байланысты ДК ретінде тіркелу фактісі болған кезде ССШ-та немесе Пайдалануға қабылдау актісінде "ДК" көрсетпеуге рұқсат беріледі.
-
ДК жеке тұлға ретінде (сенімхатта ДК көрсетпестен) басқа жеке тұлғаға көп пәтерлі үйдегі пәтерлерді сатуға сенімхат бере ала ма?
Азаматтық кодекстің 167-бабына сәйкес Бiр адамның (сенім бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенім бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенімхат деп танылады. Тиісінше, егер сенімхатта сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан сатып алу-сату шартына қол қоюы көзделген болса, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған кезде банктің осындай сенімхатты қабылдауына болады деп санаймыз.
-
Сатып алынатын мүлікті үшінші тұлғаның атына немесе ерінің/зайыбының атына ресімдеуге бола ма?
Сатып алынатын тұрғын үй қарыз алушының атына ресімделуі (тіркелуі) тиіс.
-
Меншігінде баудағы үй, саяжай болған кезде Бағдарламаға қатысуға бола ма?
"7-20-25" Бағдарламасына сәйкес қарыз алушы Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қадастрдың мәліметтерімен расталған меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы талабына сәйкес келуге тиіс. Осыған байланысты, егер құқықтық кадастрдың мәліметтеріне сәйкес баудағы үй немесе саяжай тұрғын үй болып табылмаса, онда қарыз алушы аталған талапқа сәйкес келеді.
-
Егер әлеуетті қарыз алушыда кредиттік бюроның есебі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы болса, бірақ ол бойынша қоса қарыз алушы болып табылса, әлеуетті қарыз алушыда қолданыстағы ипотекалық тұрғын қарызы бар болып санала ма?
Қарыз алушыда кредиттік бюроның есебімен расталған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша қолданыстағы берешегінің болмауы Бағдарламаға қатысу талабының бірі болып табылады. Қоса қарыз алушы қарыз бойынша қарыз алушымен бірдей борышкер болып табылатындықтан және оның берешегі туралы деректер кредиттік бюроның есебімен расталатындықтан, қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қоса қарыз алушы Бағдарламаға қатыса аламайды.
-
Кредиттер бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық өтіп кетсе, Банк Кредиттер бойынша талап ету құқығын кері сатып алуға міндетті.Компания тарапынан Кері сатып алу туралы хабарлама беріле ме?
Бағдарламаны іске асыру туралы келісімге сәйкес Компанияның кері сатып алу туралы хабарлау оның міндеті емес, ал құқығы болып табылады. Бұл ретте Банктің кері сатып алу бойынша міндеті Компанияның кері сатып алу туралы хабарлама жіберуіне негізделмейді.
-
Бастапқы тұрғын үй дара кәсіпкерден (ДК) сатып алынатын кезде Бағдарламаға қатысуға бола ма? Болған кезде ДК-ға қандай талаптар қойылады?
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңына сәйкес тапсырыс беруші -жеке тұлға немесе заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Қызметінің мақсатына қарай жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші -инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) құрылыс салушы не оның уәкілетті тұлғалары тапсырыс беруші бола алады. Осылайша, ДК Бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді сата алады. Бұл ретте, тұрғын үйді өткізу осындай тұлғаның кәсіпкерлік қызметінің негізгі немесе құрауыш бөлігі болуға тиіс.
-
Бастапқы паркингі бар жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде паркингті жылжымайтын мүліктің құнына қосу қате болып табылмай ма?
Бағдарламада бастапқы тұрғын үйді сатып алу ғана көзделген. Паркинг бастапқы тұрғын үй болып табылмайтындықтан, оның құнын бастапқы үйдің құнына қосу дұрыс емес деп санаймыз.
-
Қандай жағдайда Бағдарлама шеңберінде жеке үй сатып алуға болады?
Егер жеке үйлер "бастапқы тұрғын үй" анықтамасына сәйкес келетін болса және тапсырыс берушілер/ құрылыс салушылар/ЖАО/ инвесторлар болып табылатын тұлғалар сатушы болса, Бағдарламада осындай жеке үйлерді сатып алу бойынша шектеулер көзделмеген. Бұл ретте, жоғарыда айтылғандай, тапсырыс берушілердің, құрылыс салушылардың осындай үйлерді өткізу кәсіпкерлік қызметінің негізгі немесе құрауыш бөлігі болуға тиіс. Банктердің кредиттік шешімдер қабылдауы кезінде ішкі кредиттік саясатты, оның ішінде ықтимал шығындарды жабуды, сондай-ақ кепіл мүлікті өндіріп алу кезінде оны сатуға мүмкіндіктің болмау тәуекелін барынша азайтуды қамтамасыз ететін кепіл мүлікке қойылатын ішкі талаптарды басшылыққа алатынын ескеру қажет.
-
Бастапқы тұрғын үй - құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) не құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) тұрғын үйді сататын өзге де заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы бірінші рет тіркелетін тұрғын жылжымайтын мүлік объектісі. 3-5 жыл бұрын салынған, бірақ осы уақытта дейін өтпеген пәтерлер осындай тұрғын үйге жатқызыла ма?
Бағдарламада құрылыс объектісінің салынған жылы бойынша шектеулер көзделмеген. Егер қаралатын пәтер бастапқы тұрғын үйдің өлшемшарттарына сәйкес келсе, осындай пәтерді Бағдарлама шеңберінде сатып алуға болады.
-
Қарыз алушы Бағдарлама бойынша тұрғын үйді сатып алады, біраз уақыт өткен соң қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғын үйді сатқысы немесе біреуге бергісі келеді. Бұл жағдайда борышты осы тұрғын үйді сатып алуға дайын басқа жеке тұлғаға аударуға болма ма?
Қаралатын жағдайда борышты аудару қарызды қайта құрылымдау шараларына жатады. Қарызды қайта құрылымдауды кредитордың келісімі және кредитор белгілеген талаптар бойынша ғана жүргізуге болады.
-
Сатушы-ДК қызметінің түрін тексеру бағдарламаның талабы және/немесе міндетті шарты болып табыла ма?
Бағдарламаның талаптарына сәйкес қатысушы банктер қарызды Бағдарламаның талаптарына сәйкес береді. Құрылыс салушыдан, тапсырыс берушіден, құрылыстың инвесторынан, жергілікті атқарушы органынан не құрылыс салушының, тапсырыс берушінің, құқрылыс инвесторының, жергілікті атқарушы органның атынан тұрғын үйді өткізетін өзге де заңды тұлғадан сатып алған кезде меншік құқығы бірінші рет тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі ретінде түсінілетін бастапқы тұрғын үйге қойылатын талап негізгі талаптардың бірі болып табылады. Осыған байланысты қатысушы банк сатып алынатын тұрғын жылжымайтын мүлік объектісін Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексеруге, оның ішінде сатушы ретінде болатын тұлғаның қызметінің түрін тексеруге міндетті.
-