«7-20-25» дегеніміз не?

«7-20-25» - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама.

 

«7-20-25» - бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

 

Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

 

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ «7-20-25» бағдарламасының операторы болып табылады.