7-20-25 бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алуды қалайтын азаматтар «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен арада ынтымақтастық туралы келісімі бар Серіктес-Банктерге жүгінеді:
- "Банк ЦентрКредит" АҚ
- "Bereke Bank" АҚ
- "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ
- "Еуразиялық Банк" АҚ
- "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ
- "Bank RBK" АҚ
- "Forte Bank" АҚ
- "Altyn bank" АҚ
Жеке тұлға «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы
- Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы
- Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы
- Ипотекалық кредиттерінің болмауы
- Бұған дейін "7-20-25" бағдарламасына қатыспауы ("7-20-25" ипотекасын бір реттен артық алуға тиым салынған)